Алматы облысында зейнеткер әкімнен соққы жегенін айтты

Жұма, 11 Қараша , 2016 7:35

Алматы облысының Қарасай ауданында тұратын ақсақал шенеунікке шағым айтамын деп, одан таяқ жегенін алға тартуда. Бұл жайлы КТК жариялады.

444444

Атқамінерді бірнеше күн бойы жұмыс орнынан таппаған тұрғын таңертең басшының үйіне барып, ақыр соңында миы шайқалып, беті мен кеудесі көгеріпті. Әкімге жәбірленушінің айтқан ақылы ұнамаған көрінеді. Ал осы оқиғадан бері екі күн өтсе де, полицейлер болған жайтты аудан басшылығына хабарламаған екен.

66 жастағы Төленді Таңатаров әкімнің «ерекше» қабылдауынан кейін денесінде қалған белгілерді көрсетуде. Атқамінердің соққысынан оның миы шайқалып, беті мен кеудесі көгеріпті. Бірінші Май ауылдық аймағының басшысын әкімдікке сан рет іздеп барып таппай қайтқан жәбірленуші онымен үйінде кездеспек болған екен. Бірақ бұнысы шенеунікке ұнамаған көрінеді. Ал зейнеткердің айтпағы – арық мәселесі екен.

12313121

“Таудан ағатын судың барлығы осымен ағып, былай қарай кететін біздің үйдің жанынан. Сол-ақ екен, «Сен кімсің, маған ақыл айтатын, сені жоқ қылып жіберемін»деп жұдырықпен ұрды. Таяғым ұшып кетті. Одан кейін жағамнан сүйреп, үйге кір дейді. Калиткасына кіргізіп, ұрды”, – деді Қайнар ауылының тұрғыны Төленді Таңатаров.

Зейнеткердің айтуынша, жұдырық жұмсауға әкімнің ұлы да қарсы болмапты. Екі жақтап қол көтергендер оны кішігірім ауылда алыстан көзге түсіп, өзгелерден ерекшеленетін мына сарайда бір сағат ұстап, кейін жіберген. Бұл үй – Бірінші Май ауылдық аймағының әкімі Мұратбек Қарнақовтың баспанасы. Бір қызығы тентек әкімнің үстінен арыз жазылған соң ұзақтан бері шешілмей келе жатқан арық мәселесі бірден қолға алынған.

“Мен таяқ жегеннен кейін қолға алды. Кешелі бері қазып жатыр. Көмек сұраймын деп барып, таяқ жеп кеттім. Әкім – халқыңа жақын бол дейді, бұның істегені осы. Менен басқа адамдарды да ұрған шығар”, – деді Төленді Таңатаров.

Әкімнің ерекше сөйлесу стилі туралы аудан басшылығы хабарсыз болып шықты. Олар бұндай оқиғаның болғанын естімедік деп ат-тондарын ала қашуда.

Ал күзетші мен бейнекамера орнатылмағандықтан қақпаны үнемі жауып жүреміз, сондықтан бөтен адамның үйге кіруі мүмкін емес деген Қарнақов ешкімді ұрып-соқпағанын айтып, өзіне шаң жуытпай отыр.

1231321313132

“Есік те жабық болады. Оның үстіне қақпа да жабық тұрады. Маған жұмысқа да келмеген, ауданға да бармаған. Өздеріңізден бүгін ғана біліп отырмын. Ондай адамды көрмедік тіпті”, – дейді Бірінші Май ауылдық аймағының әкімі Мұратбек Қарнақов.

Әкімнің үстінен учаскелік полицей мен аудандық прокуратураға арыз жазылып, дене жарақаттары жайлы медициналық анықтама алынған. Бірақ тәртіп сақшыларының осы уақытқа дейін екінші тараптан түсінік алмағаны мен ауданға хабарламағанын ескерсек, іс сағызша созылатын сыңайлы.

Оқи отырыңыз:

Қазақ қызы түрік азаматына тұрмысқа шыққаны үшін қатты өкініп жүр

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

10 жылдан кейін топан судың астында қалуы мүмкін қалалар (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
24 күні 19 сағат кері

Осы жасына келген кария отрік айтпайтын шыгар. Торінен корі жакын. Алла барғой.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар