91 тобының қарағандылық тыңдармандары концертте топқа ән айтуға мүмкіндік бермеді (видео)

Жұма, 11 Қараша , 2016 14:31

“Ninety one” тобының Қарағанды қаласында өткен концертінде жанкүйерлері топқа ән айтуға мүмкіндік бермеді. Анығында топтың репертуарындағы «Қайтадан» әнін топтан бұрын орындап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

91919191911

Мұндай жағдай аты әлемге танылған бельгиялық әнші Лара Фабианның концертінде орын алған еді. Концерт барысында әншінің тыңдармандары әйгілі “Je t’aime” әнін Ларадан бұрын орындап кеткен болатын. Мұндайды күтпесе керек-ті, әнші көзіне жас алды. Видеоны көрген әр орындаушы Ларадай болуды армандағаны сөзсіз! Миллиондаған жанкүйері репертуарындағы әнді жатқа айтып тұрса, әнші үшін одан асқан бақыт жоқ шығар, сірә?!

Лара Фабиан мен 91 тобын салыстырғанымыз әбестік болар, әрине. Десе де, миллиондаған болмаса да, әзірге жүздеген тыңдармандарының басын қосып жүрген топты сүйіп тыңдайтын жанкүйерлері көп. Оған дәлел ретінде топтың ресми парақшасында жарияланған мына бір видеоны алсақ болады.

Айтпақшы, естеріңізде болса топтың Қарағандыда жоспарланған алғашқы концерті өтпей қалды. Сондай-ақ, бүгін, яғни 11 қараша күні Ninety one-ның Көкшетауда жоспарланған концерті өтпейтін болды деп те хабар таратылған болатын. Алайда топ мүшелері бүгін көкшетаулық тыңдармандарымен кездесетіндерін мәлім етті.

Жіберіп алмаңыз:

Луина: Мен ашық-шашық киіммен әдейі суретке түсемін

Ринат Зайытов: Ақынды төрт дөңгелекті темірмен өлшейтін дәрежеге жеттік

Карина Абдуллина ұлын Болат Сыздықовтың атына жаздырғанын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы жас жігітпен жүретін 46 жастағы әйелді эфирден қуып шықты

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
15 күні 5 минут кері

кыздар ладно, жигиттер нестеп жур десейши концертте

Анонимно
23 күні 21 сағат кері

Keremet top. Ulken sahnada korine berinder.

Анонимно
26 күні 3 сағат кері

Обожаю их…. и слушаю их с удовольствием… песни, музыка и текст у них не обычные и они сами простые и трудолюбивые и веселые. Вот за что я их люблю…

Бауыржан
26 күні 15 сағат кері

Керемет топ. Жарайсыңдар 91. Тек алға

Гоха!
26 күні 16 сағат кері

91 жарайсыздар!

Kamshat
26 күні 16 сағат кері

Жарайсыңдар. Міне жастардың қазақша өлең айтып, қазақ тілін дамытуды осылай жүзеге асыру керек. Талантты балалар, болашағы бар əлемдік деңгейдегі топ.

Ринат Зайтов
26 күні 19 сағат кері

Жарайсыңдар жігіттер✊Тек алға…

Анонимно
26 күні 20 сағат кері

Жарайды бұл топ,себебі олардың сапалы əндерін кез келген тындармандары Айтпай тұралмайды

Анонимно
26 күні 20 сағат кері

Керемет

Талғатбек
26 күні 20 сағат кері

Жарайсыңдар.91 алға!!!Түрге мəн берудің қажеті жоқ жас кезімде көптеген жастар да шашын бояған,қазір белді азаматтар.Жас кезде əртүрлі ізденіс болады.Ал топты жамандайтындардың өздері ұят анау мынау деп біреудің ойына тəуелді,жап жас болып қарны шығып қалған 15-30қартайып өмір көрмей жатып талантты жастардың жолын кескісі келетіндер.Жігіттер ізгі ниетпен тыңдаушыларың Талғатбек,46 жас

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар