Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дауға толы келіссөзден кейін Зеленский Трамптан кешірім сұрады

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Украина президенті Владимир Зеленскийдің дауда майға толы кездесуден кейін Трампқа хат жіберіп кешірім сұрағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Hill порталынан сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Heikki Saukkomaa / Lehtikuva / Reuters

Уиткофф бұл туралы Fox News эфирінде мәлімдеген. 

"Зеленский президентке хат жіберді. Ол кеңседе болған барлық оқиға үшін кешірім сұрады. Менің ойымша, бұл маңызды қадам болды. Себебі біздің команда мен осы келіссөздерге қатысты украиндар, еуропалықтар арасында көптеген пікірталастар болған еді", – деп түсіндірді ол. 

Басылым АҚШ пен Украина тараптары осы аптада Ресеймен соғысты аяқтау бойынша бейбіт келіссөздерді қайта бастау үшін Сауд Арабиясында кездесуі керек екенін еске салды.

Уиткофф Зеленскийдің Трамптан кешірім сұраған хаты "прогресс" екенін атап өтті.

Бұған дейін АҚШ президенті Конгресс алдында сөйлеген сөзінде украиналық әріптесінен елдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған хат алғанын айтқан еді. Ол Вашингтоннан Киевке әскери көмек тоқтатылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң хат келгенін жеткізді. 



Ал Зеленский Трамппен шиеленісті кездесуден кейін келіссөздердің жоспарланғандай болмағанын алға тартты. Бірақ ресми кешірім сұрамады. Алайда соған қарамастан Украина президенті Киевтің әлі де пайдалы қазбалар туралы келісім жасасу үшін келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты. 

Уиткофф украиндар үшін қауіпсіздік мәселелерін, аумақтық мәселелерді және коммуналдық қызметтер жоспарын талқылаудың маңызын атап өтті.

"Бұл мәселелер күрделі емес. Тек оларды талқылау керек. Барлық тарап өз қалауы туралы ашық болуы керек. Кейін пікірталас басталуы мүмкін", – деп қосты ол.

Еске салсақ, Трамп жанжалдан кейін Зеленскийден кешірім сұрауды талап еткен еді.

Талқылау