Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртас уақытша ұстау изоляторына жеткізілді (видео)

Қайрат Нұртас арнайы уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Журналистердің сұрағына жауап берген әнші сот шешімімен келісетінін айтты. 

Белгілі әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарғаны үшін кінәлі деп танылып, сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынған еді. 


"Жоқ қылып жіберемін": Қайрат Нұртастың көшеде шу шығарған видеосы тарады (видео)


Осыған байланысты Қайрат Нұртастың Астанадағы концерті кейінге шегерілді. Ол 7 шілде күні Мирас Жүгінісов пен Қазыбек Құрайышмен бірге "Астана" концерт залында өнер көрсетуі керек еді.

Әзірге концерттің қашан болатыны туралы ақпарат жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін отандық шоу-бизнес өкілі, әнші Қайрат Нұртастың ұшақта бұзақылық жасағаны үшін ұсталғаны туралы жазған едік. Осы іске қатысты сот отырысында әнші өзінің “жәбірленуші” екенін айтты. Алайда әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сот әншіні 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. 

Талқылау