14 қыз тергеуге алынған: Өскеменде төбелескен қыздар енді сотта жауап береді
Өскеменде құрбысын ұрып-соққан оқушылардың ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Полиция төбелеске қатысы бар 14 қызды тергеуге алған. Алайда қазір тек үш бойжеткен айыпталушы деп танылған.
Оқушы қыздар арасындағы төбелес сәуір айының басында болған. Әлеуметтік желіге таралған видеода бір қыздың екінші бойжеткенді дәретхана ішінде аяусыз ұрып жатқаны анық көрінеді.
Қоғам наразылығын тудырған іске полиция араласып, бұрымдылардың мектеп оқушысы екенін анықтады. Тіпті күдіктілердің бірінің анасы білім беру саласында басшылық қызметте отырғаны айтылған. Қазір оңбай таяқ жеген қыз ауруханадан үйіне шығарылды. Енді жәбірленушіге күш қолданған үш оқушы сот алдында жауап береді.
Еске салсақ, Өскеменде қыздар өздерімен жасты құрбыларын дәретханада соққыға жыққан болатын.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды