Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда саусақ іздерін алу 2023 жылға қалдырылды

Елімізде азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 

2021 жылдан басталуы тиіс саусақ ізін алу арқылы тіркеу елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2023 жылға ауыстырылды.

"Коронавирус пандемиясына және COVID-19 індетіне жасалған болжамдарға байланысты азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Тиісті өзгерістер "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заңға енгізіледі", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.



Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп дактилоскопиялық тіркеуді 2023 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру туралы ұсыныс жасаған болатын.

Азаматтар он алты жасқа толуына байланысты паспорт  немесе жеке куәлік алғанда, сондай-ақ мерзімі аяқталып немесе жоғалуына байланысты құжаттарын ауыстырған кезде ғана дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.  

 

Талқылау