Намысына тиетін сөздер айтқан: Батыс Қазақстанда мектеп оқушысының сөзі үшін ата-анасы айыппұл арқалады
Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушыларының жанжал кезіндегі сөздері үшін ата-аналарына айыппұл салынды. 9 сынып оқушысы "басқа балалардың ар-намысына тиетін сөздер айтқан", деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап.
20 қазан күні Бәйтерек ауданындағы Достық мектебі оқушыларының ата-аналары балаларын жоғары сынып оқушылары ұрып-соғатынын айтып шағымданған. Оқушылардың әкесі мен аналары жоғары сынып оқушылары балаларын үнемі соққыға жығып, көзге көрінбейтін жарақаттар салатынын мәлімдеген. Сөздерінше, балалар көп сөйлемейтін тұйыққа айналып, өздерін өлтіріп кетеді деген қорқыныштан көшеге шығудан қалған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің кейінірек хабарлауынша, 20 қазанда Достық орта мектебінің 8, 9 және 10 сынып оқушыларының ата-аналары полиция бөлімшесіне жүгінген.
"Олар 8,9 және 10 орыс сыныбында оқитын өз балалары мен қазақ тілінде оқитын 9 және 11 сынып оқушыларының арасында жоғарыда аталған білім ордасында қақтығыс болғанын айтқан. Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, балалардың арасында келіспеушілік болғанын анықтады. Алайда, балалардың арасында орыс ұлтымен қатар қазақ ұлты балаларының болуына байланысты ұлтаралық жанжал ретінде саналмайды. Ұрыстың басы жоғары сынып оқушыларының мектеп қабырғасында ұстаздар қауымына қатысты тәртіпті сақтауды талап етуінен басталған", - деді полиция.
- Жауапкершілікке үйреткісі келген: Көкшетаулық ұстаз оқушылардың маңдайына "дәптер" деп жазған
- "Пранк себеп болуы мүмкін": Түркістан облысында 9-сынып оқушысы асылып өлді
- Маңғыстауда сегіз жасар бала ҰҚК-нің теңіз шекара қызметіне қабылданды
Достық орта мектебінің директоры Светлана Голубева 10-11 сынып оқушыларының арасындағы кикілжіңнің себебін "кейбір балаларға амандасқаны ұнамағаннан басталғанын" айтады.
"18 қазан күні біз ата-аналармен, 19 қазанда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор Нұргүл Бисалиева оқушылардың ата-аналарымен, оқушылардың өздерімен, сынып жетекшілерімен және мектеп психологтарымен кездесу өткіздік. Кездесу нәтижесінде балалар бір-бірінен кешірім сұрап, ал ата-аналары полицияға арыз түсірді. 20 қазанда кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Мектеп оқушыларының ата-аналары ол кезде балаларының қауіпсіздігі үшін ғана шағымданғандарын, бірақ әлеуметтік желіде ешқандай ақпарат таратпағандарын жеткізді. Басқосудың соңында тоғызыншы сыныпта оқитын екі оқушының ата-анасына балаларының басқа балалардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтқаны үшін айыппұл салынды", - деді Светлана Голубева.