Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мейрамхана безендіру құны – 2 миллион теңге": Серік Ибрагимов ұлына сүндет той жасады

Танымал әнші Серік Ибрагимов тұңғышы Хамзаның сүндет тойын өткізді. Эстрада жұлдызының әріптестері әннен шашу шашып, Алматыдаы ең қымбат мейрамханаға жиналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ibragimovserik/

Өнер иесінің ұлына арналған сүндет тойы 17.00-де басталып, таңға дейін жалғасты.  

“Аллаға шүкір! Басқа тойды тойламасаң тойлама, қазағымның сүндет тойы тойлансын! Бір міндеттен құтылдық! Алыс жақыннан келген ағайын-туысқа, дос-жаранға алғыс білдіреміз! Осындай айтулы сәтте бізбен алтын уақыттарыңызды өткізгендеріңізге мың рақмет! Тілектес жандар аман болыңыздар! Қымбатты оқырмандар, жақсы сөз – жарым ырыс деген, әдемі тілектеріңізді жаза кетіңіз! Баршаңызға жұғысты болсын”, – деп жазды әнші. 



Өнер иесінің достары тойға қанша шашу әкелгенін айтып, мейрамхананың безендіруіне таңдай қақты. Желіде “Елдос Колобок” лақап атымен танылған блогер Елдос Кәдірханов достарымен аз-маз сұхбаттасты. 

“Нұрболхан Шарапов 500 мың теңге әкеліпті. Арман Жаналиев 200 мың теңге, Қанай 30 миллион шашу шаштым дейді. Менің анам 1 миллион теңге берейік деп отыр. Серік маған қарыз еді. 645 мың беруі керек еді, бірақ соны тойына шашу еттім. Мейрамхананың безендірілуі күшті екен. Нұрболхан мен Арман 2 миллион теңге ақша кетті деп отыр”, – деп күлді блогер. 

Айта кетейік, Серік Ибрагимов пен жұбайы Айнамкөз бүгінде үш бала тәрбилеп отыр. Әншінің үшінші сәбиі биыл қаңтар айында дүние есігін ашты. 

 

Талқылау