Мәскеу соты Алексей Навальныйды 9 жылға бас бостандығынан айырды
Мәскеудегі Лефортовский соты оппозиционер Алексей Навальныйды 9 жылға бас бостандығынан айырды және 1,2 млн рубль айыппұл салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Навальныйды 13 жылға соттауды және 1,2 млн рубль айыппұл салуды сұраған еді.
Саясаткер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Навальныйға "Жемқорлықпен күрес қорына" аударылған ақшаны өз қажетіне жұмсады және осыған дейінгі соттарда судья, прокурорға жала жапты деген айыптар тағылды. Навальныйға үкім шыққан соң оның адвокаттары да ұсталып, кейін босатылды.
Amnesty International ұйымы сот үкімін "адам құқықтарын өрескел бұзу" деп бағалады.
Алексей Навальный – Ресей президенті Путинді ашық сынап жүрген оппозициясының лидері. Оның "Жемқорлықпен күрес қоры" Путин мен Путиннің айналасындағы шенділердің коррупцияға қатысы бары жайлы зерттеулер жариялаған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды