"Маңдайынан қан тамшылап тұр": Жұлдыз Өмірғалиева ұлының жарақат алғанын айтты
Отандық әнші, актриса Жұлдыз Өмірғали ұлы Санжардың құлап, қатты жарақат алған кезін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/sankabaiya
“Қыркүйектің 17-сі. Уақыт 15:00 шамасы. Кешке той, басқа қалаға дайындалып, кетеміз деп отырғанбыз. Бір гүрс еткен дауыс естідім. Балалар залда ойнап жүрген. Өз бөлмемнен атып шықтым. Сіңілім Санжар құлап қалды деп бәрін түсіндіруге тырысып жатыр. Шыққанда Санжар маңдайын ұстап тұр. Маңдайынан аққан қан бетіне ағып, кілемнің үстіне тамшылап тұр. Көргеннен кейінгі бар ойым “қанды тоқтату керек”. Қырсыққанда осыдан бір ай бұрын мерзімі өткен дәрі-дәрмекті лақтырып тастағанмын. Қолым дірілдеп, қанды сумен шайып жатырмын. Айқынды шақырып, қалғанын соған тапсырдым. Өзімде “паника”, – деп жазды Жұлдыз Өмірғали.
Осылайша, Айқынның екінші ұлы Санжар тойға дайындалып жатқан ата-анасын абайсызда құлап әбігерге салған.
“Мен жежел жәрдем шақырамын деймін, Айқын өзіміз апарамыз дейді. Үйде анам болған, көмекшіні де шақырып алдық. Үшеуі ауруханаға кетті, біз Айқын екеуіміз әуежайға жол тарттық. Үйде сіңілім мен Айя қалды. Көлік жүргізіп келемін. Екі қолым тастай рөлге жабысып қалған. Арасында демім тарылып, өз-өзіме “дұрыс тыныс ал” деп еске салып қоямын. Үйден әуежайға апаратын жолды емес, бар ойым баламда. Хабар күтіп, сурет немесе видео жіберуін сұраймыз. Баланы бөлек алып кетті деді. Бірде көмекші хабарласып, үйге қайтып бара жатқанын айтты. “Бәрі жақсы, жараны тікті, енді дәрі салдырып тұру қажет” деді. Қобалжығанымыз бірден басылды. Бала ғой, жерден таяқ жеп жүреді. Анама хабарлама жазсам: “Бәрі дұрыс, үйде ойнап жүр. Жарасы туралы ұмытып кетті” деп жауап берді”, – деп бастан өткен оқиғасын баяндады әнші.