Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақылды болма": Қарағанды әкімі желі қолданушысына дөрекі жауап беріп, сынға қалды

Қарағанды әкімі Мейрам Қожықов желі қолданушысына грамматикалық қатемен жауап беріп, сынға қалды. Ол қала тұрғындарына Четская көшесіндегі күрделі жөндеудің аяқталғанын хабарлады. Сондай-ақ тұрғындардың енді ұрыспайтынына қуанатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Әкім жөндеу жұмыстарының аяқталғанын қарағандылықтардан да қатты күткенін айтты. 

"Жөндеу жұмыстарының аяқталуын сіздерден де қатты күттім. Чецкая көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстары бітті. Мен өте қуаныштымын. Бұған дейін Дүйсембекова көшесінен Бұқар жырау даңғылына дейінгі аумақта өткел жасап, аштық. Ол жер – 4,5 шақырым. Қазір Асфальтная көшесіндегі эстакададан Рахимова көшесіне дейін асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстары толығымен аяқталды. Өткел ертең таңертең ашылады. Тек бір учаскеден басқа, яғни Бағдат мейрамханасының жанындағы қиылысты кеңейту жұмыстарын жасап жатырмыз. Келесі жылы жаяу жүргіншілер жолын абаттандырамыз”, – деп жазды ол.

Қарағандылықтардың көбі әкімді қолдап, өзгеріс үшін алғысын білдірді. 

“Әкiмiмiздiң арқасында, қала бiртiндеп ретке келiп жатыр! Ал Мейрам Мұратұлына денсаулық пен сабыр тілейміз. Біз сізді қолдаймыз. Осылайша сүйікті Қарағандымыздың әдемі келбетін қалпына келтіре беріңіз”, “Стекляшки шағын ауданы, Михайловкадағы жолақты төсегеніңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Мұнда 25 жыл бойы асфальт көрмедік. Қазір біз бақыттымыз”, “Қала үшін жасап жатқан барлық істеріңіз үшін рақмет! Сіздің жұмысыңыз көрініп тұр, тек Қарағандыдан кетпеңіз”, – деп жазды олар. 

Фото: Скрин Instagram meiram_kozhukhov

Мейрам Қожықовқа қарсы пікір жазғандар да болды.

“Сіздің ойыңызша бір жаз маусымы үшін 4,5 шақырым көп пе? 5 км жүруге 5 ай керек пе? Күлкілі емес. 2 жылдан кейін олар қайтадан осы жерде күрделі жөндеу жүргізілетінін хабарлайды. Мұны тек келесі әкім жасайды деп ойлаймын”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі.  

Бұл пікірге әкімнің өзі жауап берді. 

“Мадияр, түсіністікпен, ойланып қарағаның жөн. Екі жылдан кейін де оның осы әдемі қалпында қалатынына  кепілдік беремін. Сондықтан ақылды болмай, көлігіңді басқарғаның жөн”, – деді әкім. 

Талқылау