Криминалды тұлғалар жастарға көсем болып кетті - Ерлан Қарин
Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин жастардың тәрбиесі жайлы сөз қозғады. Ол бүгінгі күні әлеуметтік желіде ұран салып, адамдарды соңынан ертіп жүрген қылмыстық тұлғалардың "нағыз көсемге" айналып кеткенін ашына айтты. Бұл тақырып айтылып қана қоймай, ендігіде мемлекет тарапынан нақты қадамдар жасалуы керектігін жеткізді. Бұл туралы ол "Қазақстан" Ұлттық арнасына берген сұхбатында айтты.

Кешегі көшеде жағдайлардың барлығына үстемдік етіп, ұран салып, адамдарды соңынан ертіп отырған криминалды тұлғалар болды. Қай заманнан, қай кезден бастап бізде қоғамда жастарға криминалды тұлғалар көсем болып кетті? Неліктен біздің жастар Instagram мен TikTok-та сол азаматтарды еліктейтін тұлға ретінде көріп отыр?! Рас қой.
Біз осының барлығын көріп те келдік, айтып та келдік. Бірақ енді осыны айту, жазу жеткіліксіз шығар. Біздің тарапымыздан белгілі бір қадамдар керек шығар. Жастарымызға басқа еліктейтін тұлғалар болуы керек. Біздің осылай теледидар алдында сұхбат құрып отырғанымыздан не пайда?! Егер де жастарымыз өздеріне жалған көсемдерді тауып алып, солардың сөздеріне еріп отыратын болса?! – деп пікір білдірді Ерлан Қарин.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады