Көкшетауда құрылыс краны құлап, 28 жастағы тұрғын қаза тапты
Көкшетауда құрылыс краны құлап, 28 жастағы тұрғын көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz поралына сілтеме жасап.

Оқиға 5 сәуір сағат 11:50-де орын алған. Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.
“Оқиға салдарынан облыстық орталықтың 28 жастағы тұрғыны қаза тапты. Осы факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады”, – делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты