"Қызылорда–Жезқазған" автожолының қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Республикалық маңызы бар "Қызылорда-Жезқазған" автожолының 216-424 шақырым аралығында жүргізіліп жатқан қайта жаңарту жұмыстары жоғары қарқынмен жалғасып жатыр.

Қазіргі таңда айлақ жолдар бойынша 80 шақырымда қозғалыс ашылған.
Соның ішінде 1,8 миллион м³ жер жұмыстары орындалды;
• Қосымша қабат жабыны 29,5 шақырымға төселді;
• Қиыршық тас-құм қоспасының С4 қабаты 16 шақырымға төселді;
• Асфальт-бетон жабыны 15 шақырымға төселді.

Сонымен қатар жол-құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс барысын сапалы әрі қауіпсіз атқару үшін заманауи технологиялар мен арнайы жабдықтар қолданылып жатыр.

Жоба белгіленген мерзімінде аяқталуы үшін барлық қажетті шаралар қабылданған.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған