Қызылордада үш баласы мен күйеуі бар әйел қалыңмал үшін жас жігітке тұрмысқа шыққан
Қызылордада отбасылы келіншек жас жігітке жалған күйеуге шығып, қалыңмал ақысын қалтаға баспақ болған. Ал қалыңмалын арқалап, Қазалыдан Аралға барған жаңа құдалар жаңа келіннің алаяқ екенін біліп, сан соғып қалған көрінеді. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Түркістан мен Қызылорда облысында мұндай “келін – қашыратын жеңге – қуып келетін нағашы әпке” үштігінен құрылған алаяқтық топтың бары да жасырын емес.
Кезекті “келін” – Ақерке. Қалыңмалын алып Аралдан Қазалыға аттанған құдалар қыз айтқан мекенжайды таба алмайды. Сөйтсе, жаңа түскен келін 3 баласы, күйеуі бар кәдімгі бір отбасын шыр үйіріп отырған әйел екен. Ақшадан қатты қысылған соң, абысыны екеуі ойлап тапқан амалы күйеуге қайта тию болыпты. Ауылда малы көп ынжық жігіттер жетеді", – дейді Әбіқай.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді