Қытайлық компания Ақмола облысында бидай өңдейтін зауыт салады
Қытайдың биоөнімдерді шығаратын Fufeng Group компаниясы Ақмола облысында дәнді-дақылдарды өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр. Астанада өтіп жатқан инвест-форумда мұны сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com
Оспанқұловтың айтуынша, Қытай зауытын әкелу арқылы өнімнің өзіндік құнын арттырып, өңдеу саласын дамыту көзделген. 1 қарашада бидайды терең өңдеу жөнінде келісімге қол қойылады.
Аталған компания – әлемнің 115 елінде сатылатын биоферментация және азық-түлік өндірісі саласындағы жаһандық көшбасшы. Компания астықты терең өңдеуде және ксантан сағызын, натрий глутаматын, аминқышқылдарының кейбір түрлерін және басқа да астықты терең өңдеу өнімдерін өндіреді. Компанияның кірісі 2022 жылы 4 миллиард еуроға жетті.
Еске салсақ, бұған дейін қытайлық компанияның Шымкентте электромобиль өндірісін ашатыны айтылды.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген