Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ким Кардашьян мен Канье Уэст суррогат ананың қызметіне жүгінді

Ким Кардашьян мен оның күйеуі Канье Уэст үшінші рет ата-ана атанбақ. Ол үшін жұлдызды жұп суррогат ананың қызметіне жүгінген.

940x1086_0xc0a839a4_20880484651472550150

Бұл туралы батыс басылымдары жарыса жазуда.

Ким мен Канье өздері қызметіне жүгінген компания мамандарына 68 мың 850 доллар төлесе, келісім бойынша суррогат анаға ай сайын 4,5 мың доллардан, жалпы 45 мың доллар (10 айда) көлемінде ақша беріледі.

Бұдан бөлек, суррогат ана егіз немесе үшем босанатын болса, әр балаға қосымша бес мың доллар көлемінде сыйақы алады.

Суррогат ананың денсаулығын сақтандыру мәселесі де қарастырылған. Жүктілік кезінде қандай да жағдайға ұшырайтын болса, оған 4 мың доллар көлемінде ақы төленеді.

Қомақты қаржы төлеуге дайын отырған Ким мен Каньенің суррогат анаға қоятын талаптары да баршылық. Жұлдыздардың үшінші баласын көтерген әйел алкоголь және темекі өнімдерін тұтынбауы тиіс, сондай-ақ, оған күніне бір шыны кофеден артық ішуге болмайды. Шаш бояуға, шикі балық жеуге, ыстық ванна қабылдауға және тағы да басқа көптеген нәрселерге тыйым салынған.

Кардашьян мен Уэст бала қандай да бір ауытқушылықпен туылса да, заңдық және ата-аналық жауапкершілікті өз мойындарына алуға әзір.

Айтпақшы, өздігінен бала көтеруге Кардашьянның денсаулығы мүмкіндік бермейтін көрінеді. Дәл осы себепті жұлдызды жұп суррогат ананың қызметіне жүгінуге бел буған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ким мен Каньенің 4 жасар Норт есімді қызы мен 1,5 жасар Сейнт есімді ұлы бар.

Жіберіп алмаңыз:

Роза Рымбаева жас әнші Айдарбек Рысбекпен дуэт орындады

Мальдив аралдарында “Сальса” билеген отандық әртістер жұртты сүйсінтті (видео)

Димаш астаналық бүлдіршіндерге Абайдың әнін шырқап берді (видео)

Баянның қайын атасы: Менің балаларымды бір сөзді дұрыс жаза алмайтын “сауатсыздар” сынайды

Талқылау