Ким Чен Ын "ядролық шабуыл жасайтын сүңгуір қайықты" көрсетті
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын жаңа "ядролық шабуыл жасайтын сүңгуір қайықты" таныстыру рәсімін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: BBC
Пхеньяндық БАҚ-тың хабарлауынша, сүңгуір қайық елдің ядролық тежеу қабілетін нығайтты. Ядролық сүңгуір қайық Солтүстік Кореяның бұрыннан жасауды жоспарлап жүрген қарулары тізімінде.
Ким Чен Ын бұл суасты қайығын жасау үшін көп жылын сарп етті. Ядролық қару оның бағдарламасының маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.

Сүңгуір қайықтарды су астында байқау қиын. Егер Пхеньянға шабуыл жасалса аталған қару жауға теңізден соққы беруге мүмкіндік береді. Бірақ бұл сүңгуір қайықтың жұмысқа жарамдылығы белгісіз. Себебі, Солтүстік кореялықтар ядролық зымырандарын әлі де сәтті ұшыра алмай жатыр.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды