Қазақстанның туы әлемдегі ең биік ғимараттың сәнін келтірді (видео)
Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан туының бейнесі әлемдегі ең биік ғимарат - Дубайдағы (БАӘ) Бурдж-Халифа мұнарасында пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігі Дубай көшелерінде түсірілген бейнероликті жариялады.
Дәл осындай видеоны сол уақытта БАӘ-де жүрген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов та бөлісті.
Дубайдағы қазақстандықтар Бурдж-Халифаның алдындағы алаңға сағат 21: 40-та (Нұр-Сұлтан уақытымен) жиналып, шоуды тамашалап, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы басты мерекелердің бірін атап өтті.
Еске салайық, республикамыздың Тәуелсіздік күні жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. Биыл Қазақстанның егемен ел атанғанына 29 жыл толды.
Бурдж Халифа - биіктігі 828 метр, әлемдегі ең биік және көп қабатты (163 қабат) ғимарат.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"