Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның күнкөріс деңгейі ең төмен аймақтары анықталды

2021 жылы кедейшіліктің ең жоғары деңгейі еліміздің екі облысында – Түркістан және Маңғыстау облыстарында тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кедейлік

Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2021 жылы 5,2%-ды (2020 жылы – 5,3%) құрады.

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылы өңірлер бойынша, кедейшілік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (9,8%) және Маңғыстау (8,6%) облыстарында, ең төменгісі Нұр-Сұлтан қаласында (2,2%) тіркелді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қала мен ауыл тұрғындарының табысы бойынша айтарлықтай дифференциация сақталған. Мәселен, қалада табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 3,8%, ал ауылдық жерлерде 7,2%-ды құрады. 2021 жылы қала мен ауылдағы кедейшілік деңгейі арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,1 есе) және Маңғыстау (4,3 есе) облыстарында байқалды.

“Кедейлік деңгейі – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің жалпы халық санына пайыздық қатынасымен анықталады. Қазақстан Республикасында 2021 жылға орташа жан басына шаққандағы өмір сүру минимумы 37 266 теңгені құрады. Бұл ретте әр облыс өзінің ең төменгі күнкөріс деңгейін есептейді”, – деді еңбек статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

Талқылау