Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев Түркияға көмек ретінде 100 киіз үй жіберуді ұсынды

Табиғат апатынан зардап шегіп, үйсіз қалған түрік ағайындарға көмек болсын деген ниетпен қазақстандық бірқатар қоғам белсенділері Түркияға жүз шақты киіз үй жібермек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/saken_maigaziyev

Бұл туралы танымал әнші Сәкен Майғазиев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Нұрбек Бекбау бауырымыз, Арман Шора сынды атқамінерлермен ақылдасып игі шара қолға алынды. Түркиядағы алапат жер сілкіністен үйлер қирап, біраз кісі опат болды. Аман қалған туысқан түрік ағайындарымыз шиттей бала-шағасымен ашық алаңдарда, суық далада жүр. Бой жылыту үшін үйге кіруге қорқып отыр. Осы сәтте, қазақ жұрты боп, жүздеген киіз үй жіберсек. Сүйегі жеңіл, құламайтын киіз үй – зілзаладан жүрегі шайлығып қалған бұқара психикасына қауіпсіздік көңіл күй береді. Ең бастысы Ата жұрттан келген көмекті, алыста болсақ та, туысқан жұртты жалғыз қалдырмайтынымызды сезінер еді. “Түркияға 100 киіз үй” науқанын бастайық”, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары бұл бастаманы қос қолдап қолдады.

“Шаңырағы шайқалмайтын бабамыздан қалған кйіз-үй Түрік ағайындарымызға үлкен баспана, сүйеу болары анық”, “ Қолдаймыз, “көп түкірсе көл” деген. Ешкімді бұлай табиғи апатпен сынамасын”, “Керемет шешім!”, “Далада жүргеннен жақсы”, – деп жазды желідегілер.

 

Талқылау