Қазақстандық теннисші әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
Үстел теннисінен әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатқан жалғыз теннисші Алан Құрманғалиев жарысты жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Үстел теннисінен Қазақстанның құрамасының спортшысы Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсингборг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Біріншіліктің алғашқы айналымында Құрманғалиев Камерундық Юлэйн Батиксені жеңді. 27 қарашада Алан 1/4 финалға шығу үшін неміс спортшысы Андре Бертельсмайермен ойнайды.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев әлем чемпионатына өткен жалғыз қазақстандық спортшы.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

