Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым коронавирустың мутациялануына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман эпидемиологиялық жағдайға түсініктеме беріп, коронавирустың ықтимал мутациясы туралы сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шарман

Шарманның айтуынша, коронавирус айына кемінде екі рет мутацияланады.  

"Вирустар үнемі мутацияға ұшырауға бейім. Бұл, айына кемінде екі рет мутацияланатын коронавирустарға да қатысты. Вирустар жаратылысынан – паразиттер. Олар иесінен, яғни адамнан тыс өмір сүре алмайды. Вирус жұқтырған адам қайтыс болғанда, онымен бірге вирус та жоғалады. Сондықтан иесінің өлімі вирус үшін тиімді емес. Вирус тірі қалып, адаммен бірге өмір сүрі үшін мутацияға ұшырап отырады. Бұл қалыпты эволюциялық процесс", — деді профессор.

Алмаз Шарман коронавирустың мутациясы болып жатқанын және үнемі болатынын атап өтті. Соңында COVID-19 маусымдық инфекцияға айналмақ. Ал вакцинация бұл процесті тек жылдамдатады.



Профессор профилактикалық шараларды қатаң сақтауға шақырды және жалпы ұсыныстармен бөлісті.

"Бетперде тағу – маңызды. Оны мұрын мен ауызды жауып тұратындай дұрыс тағу керек. Адамдар көп баратын орындардан, мерейтойлар, үйлену тойлары, еске алу шараларынан аулақ жүру маңызды. Әсіресе, жабық және аз желдетілетін ғимараттарда өтетін жиындардан сақ болған жөн. Қол гигиенасын сақтап, бөгде адамдардан екі және одан да көп метр қашықтықты сақтау қажет", - деді профессор.

Еске салайық, Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа түрі табылды, ол бастапқы түріне қарағанда тез тарайды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр