Қазақстандық ер адам автокөлік шинасының жарылуынан қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам автокөлік шинасының жарылуынан қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 15 қыркүйек күні таңертең Сергеевка қаласында болды. Ер адам автокөлік шинасының жарылуынан қаза тапты. Қайғылы оқиға автокөлік жүргізушісі дөңгелекті желмен толтырмақ болған кезде болған.
"КамАЗ автокөлігінің дөңгелегін желмен толтыру кезінде жоғары қысымның салдарынан шина жарылып, соның салдарынан 60 жастағы жүргізуші қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияда оқиғаның барлық мән-жайын тергеу анықтайтынын айтты. Белгілі болғандай, ер адам ашық бас-ми жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы тек оның өлімін констатациялаумен шектелген.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”