Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақылы жолдар қазақстандықтардың құқығын таптайды": Белсенділер Конституциялық сотқа шағымданбақ

Қазақстандық қоғам белсенділері кейбір республикалық жолдарды ақылы жол деп тану туралы шешімді заңсыз деп есептейді. Олар конституциялық сотқа шағым түсірмекші. Белсенділердің сөзінше қазіргі жүйе қажетті стандарттарға сай емес және азаматтардың еркін жүріп-тұру құқығына нұқсан келтіреді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қауымдастығының басшысы ақылы жолға балама жоқ деген мәселені көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: kolesa.kz

"Жол қауіпсіздігі" қауымдастығы президентінің сөзінше, ақылы жол – қауіпсіздік пен жайлылықтың жоғарылау объектісі.

Арсен Шақуовтың айтуынша, Қазақстандағы кейбір ақылы жолдар бұл талапқа сай емес. Ақылы жолмен қатар бос жол болуы керек. Түсінікті болу үшін қоғам белсендісі Конституциялық сотқа шағымданбақшы.

“Кеңес Одағынан келе жатқан ескі тас жолды кеңейтіп: "Міне, ақылы жол" деді. Бірақ конституцияға сәйкес, біз шектелмеуіміз керек деп есептеймін. Біз үндеу жолдап тегін балама жол бар ма, жоқ па, түсіндіруін сұраймыз. Министрлік, үкімет, мемлекет бізге осы жолды төлеуге міндеттей ала ма, нақтылауымыз керек”, – деді қауымдастық президенті. 

Сарапшының сөзінше, ақылы жол бойындағы инфрақұрылым жеткілікті деңгейде дамымаған. Жуынатын бөлмелерді, жанармай құю станцияларын және қонақ үй кешендерін орнату стандарттарын әзірлеу қажет.

Ақылы жолға қатысты қазақстандықтардың да пікірі екіге жарылды. Бірі ақылы төлем енгізілгеннен кейін сапа жақсарды десе, енді бірі ақылы жолдар жақсы болуы керек дейді.

"Қазавтожол" жол ақысын енгізу жолдарды қалыпты жағдайда ұстауға, жөндеуге, қардан тазартуға мүмкіндік беретінін айтады. Жол бойындағы қызмет көрсету бірте-бірте жақсарып жатыр дейді. Осы негізде тіпті санитарлық-гигиеналық нысандар, қонақ үйлер мен кемпингтер, асханалар мен супермаркеттер салынып жатыр екен. Олар балама жолдың болуы міндетті емес дейді.

“Бастапқы және аяқталу нүктелері басқа баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен көрсетілуі керек. Осылайша, ақылы жүйені енгізу үшін балама жолдың болуы талап етілмейді. Ал қолданыстағы ақылы учаскелерде тегін жүруге болады. Мысал келтіретін болсақ, Астана-Теміртау ақылы учаскесінің бойымен Астана-Қабанбай батыр - Энтузиаст - Киевка - Теміртау баламалы жолымен жүруге болады”, – деді “ҚазАвтоЖол” өкілі Сәкен Ділдахмет.

Елімізде ақылы жолдардағы тарифтерді 20 пайызға көтеру жоспарланып. Сонымен қатар, ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын тағы 11 жол учаскесінде ақылы төлем енгізіледі.

Талқылау