Қазақстандағы коронавирус: Павлодар облысы "қызыл" аймақтан шықты
Павлодар облысы коронавирустың таралуына байланысты "қызыл" аймақтан шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Cұлтан "қызыл" аймақта қалып отыр. "Сары" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстары.
Басқа аймақтар коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта қалып отыр.
Кеше (13 желтоқсандағы деректер бойынша) Қазақстанда 747 адам коронавирус жұқтырды. Оның 73-і Павлодар облысында тіркелді.
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"
"Несиені жапқаннан кейін көлігімді тартып алды": Қазақстандық көлігінің Ресейден ұрланғанын білмеген
Енді оның көлігі айып тұрағында.