Қазақстандықтардың орташа айлық кесімді жалақысы жоғары, бірақ нақты айлығы баяу өседі – Зерттеу
Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қазақстандықтардың жалақысы ең жоғары болып шықты. Алайда елімізде шынайы жалақы тым баяу өсетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегінше, 2024 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың орташа айлық кесімді жалақысы 390 мың теңгеден сәл асты. Өткен жылдағы дәл осы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 11,3% артқан. Ал бұл тізімде бізден кейінгі орынға Ресей жайғасты. Осылайша алғашқы үштікті Армения қорытындылады. Одан кейінгі орындарға Беларусь, Қырғызстан тұрақтады.
Қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында орташа жалақы – 391 713 теңге, жылдағы өсім 11,8%-ға тең болды.
Ал нақты жалақыға, яғни инфляцияны ескере отырып, халықтың табысының өсуіне келсек, Қазақстан өкінішке қарай, соңғы орында. Өйткені нақты жалақы тым баяу өседі. Бұл тізімде Беларусь мемлекеті көш бастады. Ресей екінші орында, үшінші орында Қырғыстан, Армения төртінші орынға тұрақтады.
Бұған дейін Орталық Азияда қай елдің зейнеткерлері көп ақша алатыны туралы жазған едік.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты