Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда камералар екі кең тараған бұзушылықты тіркей бастайды: Полиция ескерту жасады

Фото: istockphoto.com

Полиция көлік жүргізушілеріне 12 наурыздан бастап камералар жол ережесін бұзудың жаңа түрлерін тіркей бастайтынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

12 наурыздан бастап әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне өзгерістер енгізіледі, оған сәйкес жол камералары тіркейтін бұзушылықтар тізімі айтарлықтай кеңеймек.

Енді камералар рөлде келе жатып телефон қолданған немесе қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді автоматты түрде анықтай алады. Бұған дейін мұндай бұзушылықтарды тек полиция қызметкерлері тіркейтін еді.

Сонымен қатар камералар құжаттарға байланысты бұзушылықтарды да тіркейтін болады:

- техникалық тексерудің мерзімі өтуі;

- жарамды сақтандыру полисінің болмауы.

Сондай-ақ заң мүмкіндік беретін жағдайда жүйе автоматты түрде ескертулер де бере алады. Мәселен, кептеліс туғызу немесе сыртқы жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау кезінде.


Қазақстанда енді әкімшілік тәртіп бұзушылықтарға да автоматты түрде айыппұл салынады

Қазақстандық ер адам "Сергек" камерасына мылтықпен оқ атып, сотқа тартылды


Айта кетейік, бұған дейін автоматты камералардың мүмкіндігі шектеулі болған, олар тек алты заң бұзушылықты тіркейтін:

- жылдамдықты асыру;

- бағдаршамның қызыл жарығына өту;

- жол белгілері мен жол сызықтарын сақтау талаптарын бұзу;

- дұрыс емес тоқтау немесе тұрақтау;

- басып озу ережелерін бұзу;

- жаяу жүргіншілерге жол бермеу.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда енді камералар қолында телефон ұстаған және қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді тіркейтіні туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 21:40