Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей шекарасы маңындағы Көптоғай ауылында қоршау орнату тоқтатылды

Атырау мен Астрахань облыстарының шекарасында шекара қоршауларын орнату уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлімдеді.

"Шекара қоршауларын орнату жұмыстары тоқтатылды", - деді Мурзиев.

14 сәуірде Атырау мен Астрахань шекарасында жаңа қоршаулар салына бастады.

Шекара маңындағы Көптоғай ауылының халқы наразылықтарын білдіріп, жағдайды түсіндіруді сұрады.

Жергілікті тұрғындар Қиғаш өзенінің бойына қоршаулар қойылғанын айтты. Олар ауыз суға зар болып, мал суара алмай қаламыз деп уайымдады.

"13 және 16 сәуірде Көптоғай ауылының тұрғындарына жүргізілетін жұмыстардың заңдылығын түсіндірдік. Жерді суару үшін, мал үшін су алу мәселесі қарастырылды. Бұл үшін ешқандай кедергі жоқ", - деп сендірді Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мұрзиев.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде әлеуметтік желілерде Атырау облысында "акциялар" өткізіліп жатқаны туралы хабарламаны жоққа шығарған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр