Қазақстан құрамасы алғаш рет ауыр атлетикадан олимпиада ойындарына қатыспайды
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алғаш рет өз тарихында олимпиада ойындарына жолдама жеңіп ала алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бірде-бір спортшысы олимпиадалық рейтингте үздік ондыққа ене алмай, алғаш рет олимпиада ойындарынан тыс қалды. Ауыр атлеттеріміз Таиландтың Пхукет қаласында өткен соңғы лицензиялық әлем кубогінде сәтсіз өнер көрсетіп, тиісті ұпайды жинай алмады. Тек 89 келідегі Сергей Петрович Пхукетте өткен лицензиялық әлем кубогының "С" тобының жеңімпазы атанып, лицензия иеленуге жақын болды. Дегенмен отандасымыз әлемдік рейтингте тек 12-орынға орналасты.
Айта кетейік, Париж олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынған соңғы әлем кубогінің кезеңіне 110 елдің, 466 спортшысы қатысқан еді. Қазақстан құрамасының атынан алты спортшы сынға түсіп, алтауы да лицензия ала алмады.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады

