Қазақстан коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмектің 48%-ын өзі өндіреді
Қазақстан коронавирусқа қарсы қажетті дәрі-дәрмектің 48%-ын өзі өндіреді. Бұл туралы үкімет отырысы барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алексей Цой еліміздегі дәрі-дәрмек өндірісі мәселесіне тоқталып, қазіргі жағдай туралы мәлімдеді.
"Коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмек өнімдерінің 48 пайызын Қазақстан өзі өндіреді. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бұл өнімдердің толығымен өңір қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отырғанын атап өту керек. Он жыл ішінде 300 млрд теңге қажетті өнімдер сатып алынды. Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары жасалуда. Олардың өнімдері жедел түрде үш күнде тексеріліп, қолданысқа ұсынылуда", - дейді Цой.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге