Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан азаматтығын алу және қалпына келтіру үшін мемлекеттік тілді білу туралы сертификат талап етіледі

Ішкі істер министрлігінің 29 шілдедегі бұйрығымен Қазақстан азаматтығын алу және қалпына келтіру мәселесі бойынша ішкі істер органдарының өтінішті қабылдау, тіркеу және қарау қағидасына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Енгізілген түзетулерге сай, азаматтық алғысы келетін адамның қолында өтініші, өмірбаяны, фотосы, жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, өзге мемлекет азаматтығы тоқтатылғаны туралы анықтамасы, мемлекеттік баж салығының төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжатпен бірге мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде білетінін растайтын сертификат та болуы керек. Оның ішінде конституция негіздері мен Қазақстанның тарихы да бар.

Азаматтыққа қабылдау немесе азаматтықты қалпына келтіру туралы өтінішхат Қазақстанның Азаматтық туралы заңының 17-бабындағы талаптар орындалмаса, қабылданбайды. Сондай-ақ заңның 21-бабындағы талаптар сақталмаған жағдайда азаматтықтан айырылады.

Бұйрық 2024 жылғы 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін және тарихын білмейтіндерге азаматтық бермеу, террористер мен педофилдердің Қазақстанға кіруіне тыйым салатын заңға қол қойған еді. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жаңа заңды түсіндірген еді.

Талқылау