"Қош келдің, қызым": Әнші Ринат Шамшырақ алғаш рет әке атанды

Әнші әрі блогер Ринат Шамшырақ пен жары Аружан Төре қызды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүйінші жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Аллаға мың шүкір. Жақсылар, құттықтап қойсаңыздар болады. Бүгін Алланың қалауымен, әке атандым. Қош келдің, қызым. Осындай сәт сіздерге де жұғысты болсын. Ана болу, әке болу бақытын шын жүректен тілеймін”, – деп жазды ол.
ОқыңызСондай-ақ әнші қызының есімін атасы мен әжесі қоятынын айтып, жарына алғыс білдірді.
“Есімін бұйыртса атасы мен әжесі өзіміз қоямыз деді. Осындай сәтті сыйлаған жарыма алғысым шексіз”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншіні қуанышты жаңалығымен құттықтап, сәбиге ұзақ ғұмыр, ата-анасына бақыт тілеп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Ринат Шамшырақ пен Аружан Төренің ажырасып кеткені хабарланған еді. Сол кезде Аружан Төре ажырасуға отбасындағы түсініспеушілік пен тұрмыстық жанжал себеп болғанын айтып, “тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын” деген болатын.
Әнші бұған дейін өзінен алты жас үлкен, бір баласы бар келіншекке үйленуіне анасы мен жақындарының қарсы болғанын да айтқан.