"8 жылдан кейін екінші рет ана атанамын": Өзінен алты жас кіші жігітке күйеуге шыққан Аружан Төре сүйінші жаңалығын бөлісті
Фото: https://www.instagram.com/arukatore_cosmetolog/
Өзінен алты жас кіші әнші Ринат Шамшыраққа тұрмысқа шыққан Аружан Төре жұрттан сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған жазбасында екінші сәбиін күтіп жүргенін бөлісті.
“Алла қаласа 8 жылдан кейін екінші рет ана атанамын. Құттықтап қойсаңыздар болады. Бөпе күтіп жүрген жандарға жұғысты болсыншы”, – деп жазған ол.
Алайда бұл жаңалыққа желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірді. Кейбірі келіншектің әнші жолдасымен ажырасып кеткенін алға тартты.
“Қалай ажырасып жүріп көтере бересіңдер”, “Қуанышты жаңалық, құтты болсын, дегенмен ұятты да ұмытпайық”, “Кіндігіңді жап”, “Аман-есен босанып ал”, – деп жазды олар.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған