"Жоғарғы оқу орнына түсуге еш ықпалы жоқ": Министр "Алтын белгіні" жою туралы сұраққа жауап берді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет отырысында жоғарғы оқу орнына түсуге еш ықпалы жоқ “Алтын белгіні” алып тастау туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Министр Қазақстан “Алтын белгіден” бас тартпайтынын айтты.
“Алтын белгі” арқылы балалар алған білімі үшін мадақталады. Бірақ бірнеше жылдан бері ол үшін берілетін жеңілдіктер алынып тасталды. “Алтын белгіге” қатысты көптеген сыбайлас жемқорлық әрекеттері болып, төсбелгіні жоғары оқу орындарына жеңілдікпен қабылдау тетігінің біріне айналдырды”, – деді Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ министр “Алтын белгінің” университетке грантқа түсуге кепілдік бермейтінін атап өтті.
“Ата-аналар балаларын төсбелгімен грантқа түседі деп ойлайды. Бірақ олар қателеседі. Қазір бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Бірақ әзірге "Алтын белгіні" алып тастау мәселесі көтерілген жоқ. Себебі төсбелгіге ие болған балалардың көбі оны ақтап, жақсы нәтиже көрсетіп, жоғары оқу орындарына түсіп жатыр”, – дейді оқу-ағарту министрі.
Трактористен ұлт сөзін сөйлеген тұлғаға дейін: Мұхтар Шаханов кім және қандай ісімен есте қалды (видео)