Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ресей президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Ресей арасындағы су тасқынына байланысты күрделі ахуал талқыланды.
“Екі елдің бейінді мекемелері мен қызметтерінің өзара тығыз қарым-қатынасы, бірлесіп мониторинг жүргізу және жағдайды болжау, жедел әрекетті жүзеге асыру атап өтілді. Мемлекет басшылары осы жұмысты іске қосу туралы тапсырма беруге келісті”, – делінген Ресей президенті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ халықаралық және өңірлік мәселелердің кейбір аспектілері, оның ішінде Ресейдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, ал Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ету тақырыбы да қозғалды.
Қазақстан-Ресей одақтастық қатынасын одан әрі жан-жақты нығайту келісілді.
Айта кетейік, Қазақстанмен көршілес Орынборда 10 мың үй тасқын астында қалды.