Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су Оралға 5-6 күнде жетеді: Қазақстанмен көршілес Орынборда 10 мың үй тасқын астында қалды

Орынбор облысындағы Жайық (Урал) өзеніндегі су деңгейі 864 см-ге жетті, қауіпті белгіге 66 см ғана қалды. Облыста федералдық сипаттағы төтенше жағдай енгізілді. Кейінгі деректер бойынша, 10 168 тұрғын үй су астында қалды. 6127 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: РБК

47 көпірдегі қозғалыс тоқтатылды. Десе де федералдық тас жолдарда қозғалыс шектелген жоқ. 

Су астында қалған Орск қаласының билігі төрт адам қаза тапқанын хабарлады: екі адамның жүрегі тоқтап қалған, біреуі табиғи жолмен өлсе, тағы бірі суицид жасаған. 

Орск ауруханаларында жоспарлы медициналық көмек көрсету тоқтатылды. 8 сәуірден бастап барлық мектеп қашықтан оқытуға көшті. 

Орск мұнай өңдеу зауыты “экологиялық қауіптен қорғану және қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында” жұмысын тоқтатты. 

Batys Todаy Telegram арнасының мәліметінше, Орынбордағы тасқын су 5-6 күнде Орал қаласына жетуі мүмкін. Қазір судың жылдамдығы – сағатына 3,6 шақырым, ал арақашықтық 533 шақырым. 

Айта кетейік, Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласы су астында қалды. Жергілікті халық "вахталық поселок" деп атап кеткен аумақ маңы тұтас суға кетті. 

Талқылау