Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда полиция қызметкері кезекшілік барысында көз жұмды

Қарағандыда полиция қызметкері қызмет атқару кезінде учаскелік полиция пунктінде көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полиция

Полицияның учаскелік пункттерінің бірінде төтенше жағдай орын алды. Сағат 14:40 шамасында жұмыс орнында болған полиция капитаны кенеттен өзін нашар сезінген.

Жағдайға Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Учаскелік полиция инспекторы, капитан Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды.
Дәрігерлердің алдын-ала диагнозы бойынша оның өлімі жүрек жеткіліксіздігінен болды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтады", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 20 Ақпан, 2023 07:44
Талқылау