Қариялардың зейнетақысын қалталарына басқан: Қарағанды облысында қарттар үйінің басшысы қамалды
Қарағанды облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің департаменті қарттар үйінде тұратындардың зейнетақысы мен жәрдемақысын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік мекемеде 90 адам тұрады, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.
"Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген осы қылмысты жасады деген күдік бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің басшысы және әлеуметтік қызметкер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген қаржы мониторингі агенттігі таратқан ақпаратта.
Қарағанды облыстық соты қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан