Қанша қазақстандықтың шетелде мүлкі бар екені анықталды
Қазақстандықтардың шетелде қандай мүлкі бар екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, кейінгі үш жылда 2 миллионнан астам адам декларация тапсырған. 3 мыңға жуық қазақстандықтың 71 елде жылжымайтын мүлкі бар екен.
1000-нан астам қазақстандық ақшаларын 80 елдің банкінде сақтаса, 21 елде 93 жеке тұлғаның 161 зияткерлік меншік объектісі бар екен.
Бір жарым мыңға жуық отандасымыздың 67 мемлекетте көлігі тіркелген.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды