Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Камала Харрис Байденнің қолдауымен ресми түрде АҚШ президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

Федералдық сайлау комиссиясына түскен хабарламадан АҚШ вице-президенті Камала Харристің президентікке үміткер ретінде ресми түрде ұсынылғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: тinstagram.com/kamalaharris

Джо Байден президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеген соң Камала Харрис өз кандидатурасын жариялады. 

“Президеттің қолдауына ие болу мен үшін үлкен құрмет. Бұл лауазымға қол жеткізу үшін барымды саламын”, – деді Камала Харрис.

Осыдан кейін АҚШ Федералдық сайлау комиссиясына елдің вице-президенті Камала Харристің мемлекет басшысы лауазымына ұсынылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

“Камала Харрис – 2024 жылғы сайлауда АҚШ президенттігіне үміткер. Осы лауазымға ұмтылу үшін ол үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді”, – делінген құжатта.

Джо Байденнің сайлаудан бас тартуына байланысты оның сайлауалды штабының атауы "Президент үшін Харрис" деп өзгертілді. Экс-президент Камалаға қолдау білдірді.

“Менің демократ әріптестерім, мен өз кандидатурамнан бас тарттым. Бар күш-жігерімді қалған уақытымды президент ретіндегі міндеттерімді орындауға жұмсаймын деп шештім. 2020 жылы партия кандидаты ретінде Камала Харристі вице-президент ретінде таңдап, алғаш рет шешім қабылдадым және бұл мен қабылдаған ең дұрыс шешім болды. Бүгін мен Камаланың кандидатурасын толық қолдап, қолдау көрсеткім келеді", – деді Джо Байден.

59 жастағы Камала Харрис – Калифорнияда бас прокурор қызметін атқарған алғашқы қара нәсілді әйел. Сонымен қатар АҚШ Сенатына сайланған шығу тегі оңтүстік азиядан болған бірінші америкалық және АҚШ-тың вице-президенті қызметін атқарған алғашқы афроамерикалық және азия-америкалық әйел. 

Талқылау