Ішкі істер министрлігі қоғам наразылығынан кейін жаяу жүргіншілердің жол ережесіне енгізілген түзетуді алып тастады
Ішкі істер министрлігі жұртшылықтың наразылығынан кейін жол қозғалысы ережелерінен жаяу жүргіншілерге қатысты түзетуді алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Енді ол ереже қабылданбайды.
"Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережелеріне жаяу жүргіншілерге қатысты ұсынылған түзетуді қоғамдық талқылаудан кейін алып тастады", – деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.
Реттелетін қозғалыс орындарында бағдаршам жанған кезде жаяу жүргіншілер бірден жүріп кетпей, көліктерге қозғалысты аяқтауға мүмкіндік беруі ұсынылған еді. Түзету "Ашық НҚА" сайтында талқыланды. Ішкі істер министрлігі қоғамдық пікір мен сарапшылар қауымдастығын ескере отырып, түзету жобадан алынып тасталғанын атап өтті.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан