Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирустың британиялық түрінің негізгі қауіпін атады

Ғалымдар Ұлыбританияда табылған коронавирустың жаңа штамы келесі жылы жағдайы ауыр науқастардың көбеюіне және аурудан болған өлім деңгейінің артуына алып келетінін болжауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі MedicalXpress журналына сілтеме жасап. 

Лондонның инфекциялық ауруларды математикалық модельдеу орталығының ғалымдары Ұлыбританиядағы шектеу шаралары ауруды тоқтата алмайды деген пікірде. Дегенмен керісінше, карантин жеңілдетілсе, іс насырға шабуы мүмкін. 

Зерттеушліредің есебінше вирустың жаңа штамы алдыңғыларынан 56%-ға қауіптірек: адамдарға тез жұғып, ауыр салдар туғызуға бейім. 

Айта кетейік, мутацияланған вирустың жаңа түрі 14 желтоқсанда Ұлыбританиядан анықталған еді. Қазіргі таңда бұл кесел Германиядан, Франциядан, Швейцария мен Жапониядан табылған. 

Талқылау