Ғалымдар коронавируспен ауырғандар қашан вакцина салғыза алатынын айтты
Ресейдің Н.Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбур коронавирустан жазылып шыққан азаматтар вакцинаны қашан салдыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Науқас толық емделіп шығу керек, жазылып шыққаны зертханалық жолмен дәлелденуі қажет. Яғни норма бойынша – екі немесе үш рет жасалған ПТР-талдау нәтижелері теріс болуы шарт. Содан кейін адам физикалық тұрғыда қайта қалпына келуі керек", - деді Гинцбург.
Ресейлік ғалымның сөзінше, індеттен жазылып шыққан уақыт пен екпе егу арасындағы уақыт шамамен екі-үш айдан асу керек. Ал егер науқас коронавируспен жеңіл түрде ауырып шықса, ағзада вирустың жоқтығына көз жеткізген бойда екпе салдыра беруге болады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды