Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гаагадағы БҰҰ соты Ресейге Украина жеріндегі арнайы операцияны тоқтатуға бұйырды

Гаагадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының  халықаралық соты Ресейге Украина аймағындағы әскери іс-қимылды тоқтатуға бұйрық берді. Ресей Украинаның шағымы сотта қаралған дейін операцияны уақытша тоқтатуы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

сот

Мәскеу бұған дейін арнайы операцияны бастауға Украина жүргізген геноцид себеп болды деп мәлімдеген. Ал Украина Мәскеуді жалған айып тақты деп халықаралық сотқа шағым түсірді. 

Уақытша қауіпсіздік шаралары туралы соттың ресми сайтында жарияланды. Себебі нақты шешім қабылданғанша Украинаға және тұрғындарға үлкен қауіп төнуі мүмкін екен.

Ресей сот шешіміне сәйкес әскери іс-қимылды доғаруы керек. Сонымен қатар сот Ресейден Украина жеріндегі кез келген әскери құрылым, ұйымдар мен тұлғалардың әрекетін тоқтатуды қамтамасыз етуді талап етті. 

Ресей мен Украина жағдайды ушықтыратын кез келген іс-қимылдан алшақ болуы керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдау үшін 13 сот дауыс берсе, Қытай мен Ресейден сайланған соттар қарсы болған. 

БҰҰ соты Киевтің Украина құқығын қорғау үшін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету шаралары жайлы өтінішін қабылдады. Киев Ресейді "геноцид жасады деп жалған" жала жауып, Геноцид туралы конвенцияның І бабын асыра пайдаланды деп айыптаған. 

Сот Киевтің Ресей жайлы мәлімдемесін негіз етіп алған. 

"Кремль Геноцид туралы конвенцияны бұрмалап, операция бастау үшін жалған мәлімдеме жасады және Украина тұрғындарының құқығын бұзды", - делінген Киев мәлімдемесінде. 

Ал Мәскеу сот шешімін жоюды талап етіп, Киевпен арадағы жанжалға Геноцид туралы конвенцияның еш қатысы жоқ екенін айтқан. Алайда халықаралық сот Путиннің Шығыс Украинадағы азаматтардың геноцидке ұшырағаны туралы көптеген мәлімдемелерін алға тартты. Сонымен қатар 2014 жылы Ресейдің тергеу комитеті Геноцид туралы конвенцияны негізге алып, украиналықтарға қарсы қылмыстық іс қозғаған. 

Сот шешімінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету туралы бұйрықтың міндетті түрде орындалуы керек екені көрсетілген. 

Талқылау