Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

FlyArystan компаниясына 3,6 миллион теңге айыппұл салынды

FlyArystan әуе компаниясы Алматы-Астана рейсінің кешігуі кезінде жолаушыларды қонақүйге орналастырмағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Depositphotos

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Алматы – Астана бағыты бойынша рейс кешігуі кезінде қызмет көрсетілмегендіктен (жолаушылар қонақүйге орналастырылмаған, жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге және кері тасымалдау ұйымдастырылмаған) әкімшілік хаттама толтырылды.

"FlyArystan" әуе компаниясына қатысты "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Оған сәйкес авиакомпанияға 1000 АЕК (3 692 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды”, – делінген хабарламада. 



Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісті түрде көрсетуге қатысты Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік авиакомпанияларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

“Жолаушылар құқықтарын сақтауға қатысты заңнаманы қатаң сақтау Азаматтық авиация комитеті жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Авиакомпаниялар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда белгіленген шаралар қолданылады”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы 12 жасар қызды рейске мінгізбей, жалғыз өзін өзге қалада қалдырып кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау