“Пилот ұшу жолағын шатастырып алған”: Қазақстандық FlyArystan басқа ұшақпен соқтығыса жаздады
22 ақпанда Алматыға бет алған FlyArystan ұшағы Мумбай әуежайының ұшу-қону жолағында Air India әуе компаниясының Airbus A319 ұшағымен соқтығысып қала жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, қазақстандық ұшақ ұшу-қону жолағына кезекте тұруы керек болған. Алайда пилот ұшу жолағын шатастырып алған көрінеді.
Бұл уақытта Air India әуе компаниясының ұшағы жылдамдық ала бастаған. Алайда пилот FlyArystan бортының қозғалысын байқап, жылдамдығын күрт бәсеңдетіп, көкке көтерілмей, соққтығыстың алдын алған.
Үндістан авиациясы оқиғаға қатысты тергеу бастады.
"FlyArystan компаниясы Чхатрапати Шиважи халықаралық әуежайымен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізуде", – делінген хабарламада.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады