Еуроодақ құрамындағы елдерде TikTok Lite желісіне тыйым салынбақ
Еурокомиссия Еуроодақта жаңа TikTok Lite қызметін бұғаттауы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ImgHub
Ұйымның айтуынша, бұл, әсіресе, балаларда тәуелділік тудырады. Видео көру, лүпіл басу және пікір қалдыру зиян әдетті қалыптастырады.
Сәуір айының басында жаңа TikTok Lite Испания мен Францияда іске қосылды. Цифрлық қызметтер туралы жаңа заң аясында Еуропалық комиссия TikTok иесіне қызметтің балаларға әсерін бағалау үшін уақыт берді.
Еске салсақ, Қазақстанда TikTok желісін бұғаттау мәселесі қарастырылып жатқаны айтылды.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек