Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды
Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды. Биыл 340 мыңға жуық бала 1-сыныпқа қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау толық төрт айға созылды. Яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды.
Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп, оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген.
Бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс-Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелді.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”