Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі айда 136 млрд теңге: Қорғаныс саласына күніне 2 млрд теңгеден астам ақша жұмсалады

Қорғаныс саласына күніне 2 млрд теңгеден астам ақша жұмсалады. Ал, екі айда 136 млрд теңге шығындалған көрінеді.

qorganys

Бұл туралы мәліметті ғаламтордағы сараптамалық порталдардың бірі жариялады, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Қомақты қаржының жұмсалуы сарапшылардың да, депутаттардың да таңданысын тудырған жоқ. Неге?

Биылғы жылдың алғашқы екі айында қорғаныс саласына 136 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп.

Соманы 59 күнге бөлсек, 2 311 864 406 теңге шығады. Яғни, күніне кететін шығын көлемі осы. Статистикаға сенсек, Қорғаныс саласы бюджет шығыны жөнінен 5-орында тұр. Алғашқы үштікте әлеуметтік салалар. Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамту бағытына 522,7 млрд теңге, білім беруге 338,5 млрд теңге, денсаулық сақтау бағытына 276,5 млрд теңге. 

Бюджетті бекіткен депутаттар шығынның күрт өскеніне таңғалып отырған жоқ.

"Шығынның өсіміне негіз бар деп санаймын. Біз өзіміздің қорғанысымызды нығайтуымыз керек. Жаңа техника мен технологияны алып жатырмыз. Ол қосымша қаржыны талап етеді. Сондықтан мен бұл салаға кететін шығынның көбеюін қолдаймын", - дейді ҚР парламент мәжілісінің депутаты Серік Құсайынова. 

Биыл қазына шығыны 10 трлн теңге деп бекітілген екен. Оның 20 пайызы екі-ақ айда бөлініп кеткені қуантарлық жағдай дейді сарапшылар. Әсіресе қорғаныс саласы үшін.

"Бұл біздің тарихымызда бірінші рет болып тұрған құбылыс. 136 млрд теңге жылдың басында беріліп тұр. Бұл әскери техниканы сатып алуға ыңғайлы. Бұған дейін қаржы жылдың ортасында немесе, тіпті, соңында берілген еді. Бұдан қорғанысқа деген көзқарастың өзгергенін білдіреді", - ҚР президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының  бас ғылыми қызметкер Георгий Дубовцев.

Қорғаныс саласына қарастырылған қаржы екі есе көбейгенімен, өзге елдермен салыстырғанда, аз шығындалған екенбіз. Ресми дерек бойынша, әскерге жұмсалған қаржы жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына да жетпейтін көрінеді. Бұл көрсеткішпен есептесе көршілеріміз Өзбекстан бізден 4 есе, Әзірбайжан екі есе көп шығындалған. Айта кетейін, қазір 136 елдің ішінде әскери қуаттылығы жағынан біз 50-орында тұр екенбіз.

Бөлінген қаржыны игере алмағандардың көшін дәл осы Қорғаныс министрлігі бастаған еді. Сол кездегі қаржы министрі жарата алмағандардың ақшасын өзгелерге бөлейік деп ұсыныс айтып еді. Қолданды. Бірақ одан кейін премьер-министр өзгерді, қаржы министрлігі, тіпті, екі басшы ауыстырып үлгерді. Екі есе өскен қаржы қайда жұмсалады деп қорғаныс министріне сауал жолдадық. Әзірге жауап жоқ. Ресми сайтында да бұл туралы дерек таппадық.

Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа әзірлен. Көне латынның мақалы бұл. Қазіргіге салсақ, қорғанысқа ақшаны аяма дегенге саяды. Алайда қомақты қаржыны жұмсау мен оны нәтижелі, мақсатты игеру екі түрлі нәрсе екені ұмытылмаса игі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр